РЕЙД ЖАЛҒАСУДА: АРЫСТА ТАЛАПТЫ ОРЫНДАМАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Арнайы құрылған жұмысшы топ қала аумағын аралап, тазалық талаптарының орындалуын бақылауда.

«Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осы бағытта Арыс қаласында да тазалықты сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Рейд барысында тұрғындардың іргелес аумақтарына күл-қоқыс, құрылыс материалдары мен өзге де қалдықтарды тастаған жағдайлар анықталды.

Талаптарды бұзған 9 азаматқа ескерту беріліп, құқықбұзушылық қайталанған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатыны түсіндірілді.

Жалпы жыл басынан бері абаттандыру және тазалық талаптарын бұзған азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 147, ал 505-бабы бойынша 246 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Осылайша, қала аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзуға байланысты барлығы 381 әкімшілік хаттама рәсімделген.

Қала тазалығы – тек арнайы қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Көшелердің, аулалардың және қоғамдық орындардың таза болуы тұрғындардың күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстардың басты мақсаты – тек аумақтарды тазалау емес, тұрғындар арасында тазалыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру. Әр азамат өз ауласын, көшесін және қоршаған ортасын таза ұстауға үлес қосса, қаланың көркі де, экологиялық жағдайы да жақсара түседі.

Арнайы жұмысшы топтың рейдтік шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Тұрғындарды «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға, тазалық талаптарын сақтауға, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамауға және туған қаламыздың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Тазалық – ортақ міндет, таза қала – ортақ жауапкершілік!

Ұқсас жаңалықтар

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлап жатыр

berdaly_oraz

“Бала өлімінен кейін”: Шымкент әкімі аудан әкімін қызметінен босатты

Үкімет отырысы: Елде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады