ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕМ ӘНШІЛЕРІ БАС ҚОСАДЫ: «VOICE OF TURAN – 2026» БАСТАЛМАҚ

Түркістан тағы бір мәрте халықаралық мәдени алаңға айналмақ. 25–27 қыркүйек аралығында «Керуен сарай» туристік кешенінде ашық аспан астында VII Халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді.

Қазақ әнін әлемге танытуды мақсат еткен өнер додасына биыл 20 елден келген өнерпаздар қатысады. Франция, Испания, Италия, Бразилия, Мексика, Куба, Индонезия, Грузия, Армения, Қырғызстан және өзге де елдердің әншілері Түркістан төрінде қазақ музыкасын орындап, өнерлерін ортаға салады.

Фестивальдің басты ерекшелігі – ұлттық музыканы халықаралық деңгейде насихаттап қана қоймай, қазақ өнерінің бай мұрасын шетелдік көрерменге таныстыруы. Сонымен қатар шара Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге кеңінен танытуға бағытталған.

Түркістанда қазақ әні шырқалады, әлем тыңдайды. 25 қыркүйекте басталатын халықаралық фестиваль қалаға келетін қонақтар үшін де, өнерсүйер қауым үшін де маңызды мәдени оқиға болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп» – қоғам қауіпсіздігінің негізі

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда Мажарстандық инвестициямен құрама жем зауыты салынады

berdaly_oraz