ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРМЕН БІРГЕ БІР КҮН ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Халықаралық қарттар күніне орай өңір ардагерлерімен бірге бір күн өткізіп, аға буынға құрмет көрсетті.

Мерекелік күн Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. 50 ардагердің қатысуымен Құран бағышталып, елдің амандығы мен халықтың бірлігі үшін дұға жасалды.

Кейін ардагерлер «Қолөнершілер» орталығына барып, ұлттық қолөнер бұйымдарымен танысты. Аға буын өкілдері асық атып, ләңгі теуіп, садақ атып, ұлттық ойындарға белсенді қатысты.

Сондай-ақ облыс әкімі ардагерлермен бірге Түркістан музыкалық драма театрында «Вальс королі» қойылымын тамашалады. Кейін қоғамдық автобуспен бірге жүріп, жол бойы қариялармен еркін пікір алмасты.

Күннің негізгі бөлігі «Қарттарым – қазынам» атты мерекелік шарамен жалғасты. Нұралхан Көшеров ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Шара барысында бірқатар ардагерге облыс әкімінің, облыстық мәслихат пен ардагерлер кеңесінің алғыс хаттары табысталды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сондай-ақ облыс әкімі бірнеше қарияның шаңырағына арнайы барып, ақсақалдардың батасын алды.

Бүгінде Түркістан облысында 212 мыңнан астам зейнет жасындағы азамат бар. Өңірде 100 жастан асқан 39 қария тұрады. Ардагерлер мен зейнеткерлерді қолдау мақсатында облыста екі ардагерлер үйі және барлық аудан-қалаларда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген жиһангез бойжеткен Алматыға жетті

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК – ЖАЗҒЫ СУРДОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

berdaly_oraz

Түркістанда 700 адамдық алып киіз үйі бар этно-кешен ашылады

Redaktor Arysinfo