«Менің көп жыл бойы жинаған ақшам»: Қазығұртта үй жөндеген жұмысшылар күтпеген олжаға тап болды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында зейнеткердің үйін жөндеу кезінде шатыр астынан 5 миллион теңге табылды. Ақшаны тапқан жұмысшылар бірден полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ақша салынған бірнеше пакетті анықтады. Олардың ішіндегі қаражаттың жалпы сомасы 5 миллион теңгені құраған.
Үй иесінің айтуынша, бұл – оның көп жыл бойы жинаған жеке қаражаты.
Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізілуде. Тиісті тексеру аяқталғаннан кейін табылған ақша заңды иесіне қайтарылады.
Осылайша, үй жөндеу барысында табылған қомақты қаражаттың иесі анықталып, зейнеткердің көп жылғы жинағы өзіне қайтарылмақ.
