ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ МЕН ЕЛ БІРЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай діни конфессия өкілдерімен кездесу өтіп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, дінаралық татулықты нығайту және өзара түсіністікті арттыру мәселелері талқыланды.

Рухани жүздесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, өңірдегі діни конфессиялардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиынды Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы ашып, жүргізді. Кездесу барысында ел бірлігін сақтау, дінаралық келісімді нығайту және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі дін өкілдерінің рөлі сөз болды.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов, Шымкент және Түркістан епархиясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Александр Могилевский, «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Виталий Смольянов және өзге де дін өкілдері сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Қатысушылар рухани құндылықтарды дәріптеу, түрлі конфессиялар арасындағы өзара сыйластықты сақтау және қоғамдағы келісімді одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында діни конфессиялардың жетекшілеріне мерекеге орай құттықтау хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Рухани келісім – қоғам тұрақтылығының негізі

Түркістан облысында Рухани келісім күніне орай бірқатар қоғамдық маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Руханият» саябағында ағаш отырғызу шарасы өткізіліп, дін өкілдері мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, 1992 жылғы 18 қазанда Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің алғашқы сессиясы өтті. Конгресс қатысушылары осы күнді қақтығыстар мен жанжалдарды тоқтатуға, татулық пен өзара түсіністікке ұмтылуға, жақындарға қайырымдылық жасап, көмек көрсетуге үндейтін Рухани келісім күні ретінде жариялауға шақырған манифест қабылдады.

Содан бері 18 қазан елімізде жыл сайын Рухани келісім күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – түрлі дін өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, бейбітшілік пен келісімнің қадірін ұғындыратын маңызды мереке.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті

Қазақстан әлемдегі ең бейбіт 50 мемлекеттің қатарына енді

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласында орталықтандырылған жылуға қосылған үйлердің қатары артты

berdaly_oraz