ТАЗАЛЫҚТАН ТӘРБИЕГЕ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯҒА АЙНАЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясының маңызына тоқталып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ел дамуының маңызды бағыты екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан табиғи байлығы мен биоалуантүрлілігіне бай. Оны сақтау – әр азаматтың міндеті әрі халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілік.

Мемлекет басшысы жоғары экологиялық мәдениеттің жаңа Конституцияда мемлекеттіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілгеніне назар аударды. Сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі екенін айтты.

Президент «Таза Қазақстан» қозғалысы қарапайым тазалық шараларынан әлдеқайда кең сипат алғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл бастама халықтың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал етіп, жалпыұлттық идеологияға айналып келеді.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет. Таза ел болу әр азаматтың күнделікті ісінен басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды

«Талғардағы жанжал: Араша түсемін деп өзі жапа шекті»

Redaktor Arysinfo

«Ясауи керуені» Жетісайға жетті: рухани мұраны дәріптеу жалғасуда

Redaktor Arysinfo