Батырлық пен жанқиярлықтың иелеріне мың алғыс!
Адам өмірін арашалап, тілсіз жаумен күресіп, ел қауіпсіздігі жолында тәуекелге бел буатын құтқарушылар – нағыз ерліктің үлгісі.
Қиын сәтте көмекке келіп, үміт сыйлайтын, әр секунд үшін күресетін сала мамандарына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге сәттілік, әрбір кезекшіліктен аман оралуды, отбасыларыңызға тыныштық пен береке тілейміз!
Ел амандығы жолындағы еңбектеріңіз еленіп, ерліктеріңіз әрдайым құрметке бөленсін!
