АРЫСТА ЖАС ОҚЫРМАНДАР ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАДЫ

Ыбырай Алтынсариннің тағылымды мұрасын дәріптеген байқауда 13 жас оқырман бақ сынап, үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды.

Арыс қаласындағы Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қалалық балалар кітапханасында «Алтынсарин тағылымы – тәрбиенің темірқазығы» облыстық байқауының іріктеу кезеңі өтті.

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқау жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттырып, білімге құштарлығын оятуға және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Сайысқа 11–14 жас аралығындағы 13 жас оқырман қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар «Алтынсарин оқулары» кезеңінде ағартушының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин: ағартушылық жолы мен рухани мұрасы» кезеңінде ғылыми жобаларын қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Монтайтас ауылдық балалар кітапханасының оқырманы Исахан Іңкәрге бұйырды. Ол облыстық кезеңге жолдама алды.

Бірінші орынды Жиделі ауылдық кітапханасының оқырманы Ердәулет Әмина иеленді. Екінші орын Қожатоғай ауылдық кітапханасының оқырманы Жүзімбеков Ақсұлтан мен Арыс мектебінің оқырманы Қойшыбай Айаруға берілді. Ал үшінші орынға Қызылкөпір ауылдық кітапханасының оқырманы Сердалы Кәусар және Жиделі ауылдық кітапханасының оқырманы Жәнібек Інжу лайық деп танылды.

Байқауға қатысқан барлық жас оқырман дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

«Кел, балалар, оқылық!» деп ұрпақты білімге шақырған Ыбырай мұрасы – бүгінгі жас буын үшін де рухани бағдар. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Автоматпен аялдамаға келген әйел айыппұл арқалады

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТАЛАПҚА САЙ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: Мақтааралда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салынып жатыр

berdaly_oraz