Алкогольді шамадан тыс тұтыну адам денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасындағы берекеге, қоғамдық қауіпсіздікке және өмір сапасына кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік адамның физикалық және психологиялық жағдайын нашарлатып, жақындарымен қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін.
Алкоголизмнің алдын алу – әр адамның өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, бос уақытыңызды пайдалы істерге арнаңыз, спортпен шұғылданыңыз және зиянды әдеттерден аулақ болыңыз. Отбасыңызға көңіл бөліп, балаларға үлгі болыңыз.
Есіңізде болсын, денсаулықты сақтау – өзіңізге ғана емес, жақындарыңызға деген қамқорлық.
Ішімдіксіз өмір – жарқын болашақтың кепілі! Денсаулығыңызды бағалаңыз, отбасыңызды қорғаңыз!
