ӨҢІРЛЕРДЕ ЖАҢА ӨНДІРІСТІК КЕШЕНДЕР МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Өткен аптада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетикалық нысандар пайдалануға берілді. Бұл жобалар өнеркәсіптік әлеуетті арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде өндірісті дамыту, шикізатты терең өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығару бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлады.

Ақмола облысында 7,4 млрд теңгелік кешен іске қосылды

Ақмола облысында инвестиция көлемі 7,4 млрд теңгені құрайтын жаңа металлургиялық кешен пайдалануға берілді. Реконструкцияланған өндірістік алаңда айына 2–3 мың тонна қорғасын құрамды шикізатты қайта өңдеу жоспарланған.

Жоба шикізаттық бағыттан терең өңдеуге көшіп, қосылған құны жоғары өнім өндіруді дамытуға мүмкіндік береді.

Өңірлерде жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар өндірістік қуатты арттырып, экономиканы әртараптандыруға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Түркістанда шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жалғасып жатыр

Өзбекстан футболшыларының тарихи жетістігі – ортақ қуаныш

Redaktor Arysinfo