35 ЖЫЛДЫҚҚА – 35 АҒАШ: ТҮРКІСТАНДА ДОСТЫҚ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Түркістанда Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында 35 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Игі шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысып, табиғатты қорғау мен ел бірлігін нығайтуға үлес қосты.

«Таза Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты акция Түркістан қаласындағы Достық үйінің аумағында өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, «Ел жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, студенттер және облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов және облыстық медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев Республика күнінің маңызына тоқталып, қоғамдық келісім мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың мәнін атап өтті.

35 жылдық межеге – 35 көшет! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған акцияда отырғызылған ағаштар ел бірлігі мен ортақ жауапкершіліктің символына айналды.

Табиғатты аялауды және қоғамдық келісімді нығайтуды мақсат еткен бұл бастама әртүрлі этнос өкілдерін ортақ игі іске жұмылдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдағы татулықты нығайтуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталады.

Ұқсас жаңалықтар

Халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады – Әшімбаев

admin_arysinfo

Түркістанда ашылатын ”Қолөнершілер қалашығын” дамыту жолдары қарастырылды

Достижения Казахстана в борьбе с сердечно-сосудистыми заболеваниями и раком были отмечены в докладе ВОЗ