Үйдің алдына түкірген тұрғын жазаға тартылды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ортақ пайдаланылатын орындарды ластау), деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сотпен анықталғандай, азаматша Р. Атырау қаласы СМП-136 мөлтек ауданында үйдің алдында түкіріп, ортақ пайдаланылатын орынды ластаған. Р.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен, бейнежазбамен өз дәлелін тапты. Сот қаулысымен Р. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30 275 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨҢІРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан қаласында биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ – ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

Redaktor Arysinfo