ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен пара таеквондодан XI Әлем чемпионатында түркістандық спортшы Қайырғали Юсупбеков қола жүлдегер атанды.

Әлемнің үздік пара таеквондошылары бас қосқан халықаралық додада жерлесіміз 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына қола медаль салды.

Қайырғали Юсупбеков – Түркістан облыстық мүгедектігі бар спортшыларға арналған «Сауран» спорт клубының спортшысы. Оны халықаралық жарысқа бапкерлері Айдос Жақсыбеков пен Розыбай Хайруллаев дайындаған.

Айта кетейік, Қайырғали Темурханұлы бұған дейін пара таеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанып, Азия чемпионатында да топ жарған.

Әлем чемпионатындағы қола жүлде – спортшының табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының нәтижесі. Бұл жетістік Түркістан өңіріндегі пара спорттың дамуына да серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Погондағы чемпион: Капитан Қымбат Ахметова Азияны мойындатты

Redaktor Arysinfo

МАУСЫМДАҒЫ UFC ТУРНИРІНЕ ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАТЫСАДЫ

Альфия Адамбек

Арыста Ұлы Отан соғыс ардагері Сайлаубек Сарыпбекті еске алуға арналған ардагерлер турнирі өтті

berdaly_oraz