МАС КҮЙДЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ: ҮКІМЕТ БАҚЫЛАУ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТЕДІ

Премьер-министр мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді шараларды қолға алуды тапсырды. Қоғамдық және жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамдарды бақылаудың бірыңғай ведомствоаралық тетігі құрылмақ.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша қабылданатын шаралар қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Қаржы министрлігіне алкоголь нарығын, оның ішінде қашықтан сату мен жеткізу тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жетілдіру және мониторинг жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату ережелерін жүйелі түрде бұзатын субъектілерге жауапкершілікті қатаңдату көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігіне алкогольге тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерін жетілдіру міндеті жүктелді. Медициналық куәландыру тәртібін қайта қарау, аудандық және ауылдық деңгейдегі фельдшерлерді даярлау, зертханалық жабдықтарды жаңарту және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Ішкі істер және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, қолдан жасалған алкогольді заңсыз өндіру мен оның айналымына қарсы қылмыстық-құқықтық тетіктерді күшейтеді.

Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандырады. Ал әкімдіктерге уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының желісін дамыту тапсырылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеті қойылды. Бұл жұмыстар салауатты өмір салтын насихаттаумен шектелмей, алкогольді шамадан тыс тұтынуға, оның салдарынан туындайтын зорлық-зомбылыққа, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға, жол-көлік оқиғалары мен өзге де құқық бұзушылықтарға қоғамда төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕК ҰБТ-ДА 138 БАЛЛ ЖИНАП, ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

berdaly_oraz

Джеки Чан Маңғыстауда жүр ме? «Құдай сауыты 4» туралы ақпарат қызу талқылануда

Redaktor Arysinfo

САЙРАМ СПОРТШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

berdaly_oraz