29 қазанда Түркістан облысында «Ұлы Жібек бойындағы керамика өндірісі: дәстүр, технология және жаңғыру» атты халықаралық жәрмеңке өтеді.
Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түрікменстанның қыш өнері шеберлері қатысады.
Жәрмеңке аясында қыш бұйымдарының көрмесі, шеберлік сабақтары, тәжірибе алмасу кездесулері және мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қатысушылар саз балшықтан бұйым жасау, оған өрнек салу, күйдіру және глазурь жағу тәсілдерін көрсетеді. Сонымен қатар дәстүрлі қыш өнерін заманауи технологиялармен ұштастыру жолдары талқыланады.
Халықаралық жәрмеңке қыш өнерінің бай мұрасын дәріптеуге, шеберлер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Іс-шара барысында шетелдік қонақтар Отырар ауданының тарихи-мәдени мұрасымен де танысады.
