ТҮРКІСТАН: ЖЕМІСТІДЕ 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КӨШЕТ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Сарыағаш ауданының Жемісті ауылдық округінде ағаш көшеттерін өсіру кәсіпке айналған. Бүгінде ауылдың 100-ге жуық тұрғыны осы бағытта еңбек етіп, өз кәсібін табысты жүргізіп келеді. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына серпін беруде.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне жұмыс сапары барысында көшет өсірумен айналысатын кәсіпкер Н. Жолдасовтың шаруашылығына барып, жұмыс барысымен танысты.

Ауыл тұрғыны Н. Жолдасов 6 жылдан астам уақыттан бері сәндік ағаш көшеттерін өсірумен айналысып келеді. Кәсіпкер бұл саланың қыр-сырын жетік меңгеріп, жылына 30 мың түпке жуық көшет өндіреді.

Шаруашылықта ақ терек, шынар, аққайың, шаған, шырша және басқа да сәндік ағаш түрлері өсіріледі. Өнімдеріне сұраныс жоғары. Көшет сатып алу үшін өзге қалалардан арнайы келетін тұтынушылар да бар.

Жалпы, Жемісті ауылдық округінде көшет өсірумен айналысатын тұрғындардың қатары жыл санап артып келеді. Бұл кәсіп ауыл тұрғындары үшін табыс көзіне айналып, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерліктің дамуына үлес қосуда.

Аудан әкімі шаруашылықтың жұмысына оң бағасын беріп, кәсіпкердің еңбегін жоғары бағалады. Сонымен қатар шаруашылықтың алдағы уақытта да өркендеуіне тілектестік білдіріп, кәсіпкерге сәттілік пен еңбегіне береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Беймезгіл уақытта көшеде қаңғып жүрген 273 жасөспірім анықталды

Альфия Адамбек

Өңірлік жаңалық: Сарыағашта өткен сенбілікте 300 түп ағаш егілді

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ ХҚКО ЖӘНЕ МХҚКО ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

berdaly_oraz