Зейнетақы қорының ақшасы қайда кетті? Қаржы мамандары түсіндірді

Жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық табысы күрт төмендеп, бұл көпшілікті алаңдатты. Азаматтар мобильді қосымшаларына кіріп, жинақтарының азайғанын байқаған соң, бұл мәселе қоғамда қызу талқылана бастады. «Зейнетақы қоры шығынға батты», «Салымшылар миллиардтаған теңгесінен айырылды» деген ақпараттар тарады.

Алайда, қаржы сарапшылары мен Ұлттық банк бұл жағдайдың уақытша екенін айтып, даурықпауға шақырып отыр. Қаңтарда БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 285 миллиард теңгеге төмендеп, жалпы табыс 1,25%-ға азайған.

Зейнетақы қаражаты неге кеміді?

Мамандар бұл өзгерісті үш негізгі себеппен түсіндіреді:

  1. Бағалы қағаздардың арзандауы
    Қаржы министрлігі мемлекеттік облигацияларды көп шығарғанымен, сұраныс аз болды. Бұл олардың құнсыздануына және сәйкесінше, БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісіне әсер етті.
  2. Теңгенің нығаюы
    Қаңтарда теңге долларға шаққанда күшейді. 1 АҚШ доллары 525,11 теңгеден 518,14 теңгеге дейін арзандады. Бұл БЖЗҚ портфеліндегі шетелдік активтердің қайта бағалануына алып келіп, инвестициялық табыстың төмендеуіне ықпал етті.
  3. Халықаралық қаржы нарығындағы тұрақсыздық
    Әлемдік нарықтағы өзгерістер де зейнетақы қорына кері әсер етті.

Қаржы мамандары не дейді?

Экономистер мен Ұлттық банк өкілдері бұл құбылыстың зейнетақы қорындағы қаражаттың жойылып кеткенін білдірмейтінін айтады. Инвестициялық табыс әрдайым ауытқып отырады, сондықтан қысқа мерзімді өзгерістерге қарап қорытынды жасау дұрыс емес. Мамандар зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді инвестиция екенін, сондықтан 1-2 ай емес, жылдық көрсеткіштерге сүйену керектігін ескертеді.

Ұлттық банк ақпан айында да осындай жағдай қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Себебі теңгенің нығаю үрдісі мен мемлекеттік облигациялардың арзандауы әлі де жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау аясында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті

berdaly_oraz

Шымкентте қызы қаңғыбасқа айналғаны үшін анасы айыппұл арқалады

«Оқыған азамат»: Руслан Берденовты атқан күдікті кім?

Пікір жазу