ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Мен, Құдасов Наурызбай Мақсатұлы, 1990 жылы 16 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келдім. 2005 жылы Арыс қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын тәмамдап, кейін «Арыс теміржол колледжінде» білім алдым. 2011 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Ал 2016 жылдан бері «Мағжан и К» ауыл шаруашылығы кәсіпорнын басқарып келемін.
Кәсіпкерлік – тек табыс көзі ғана емес, ол жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың тұрмысын жақсартуға және қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды сала.
Алдағы уақытта шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіп бастаймын деген азаматтарға мүмкіндік жасау, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету мәселелеріне басымдық беру маңызды.
Өйткені қаланың дамуы – оның тұрғындарына жасалған мүмкіндікпен өлшенеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
МОНТАЙТАС АУЫЛЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
- Ауыл көшелеріндегі жолдарды жөндеу және сапалы жол салу мәселесін көтеру;
- Көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жақсартуға ықпал ету;
- Ауызсу мен электр желілерінің сапасын арттыруға атсалысу;
- Қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын ретке келтіру.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
- Суару жүйесі мен жайылым мәселелерін шешуге ықпал ету;
- Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау;
- Жергілікті кәсіпкерлердің жұмысын жандандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға атсалысу.
ЖАСТАР, СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
- Жастардың спортпен және мәдениетпен айналысуына қолайлы жағдай жасау;
- Балалар мен жастарға арналған спорт алаңдарын көбейту мәселесін көтеру;
- Ауыл жастарының қоғамдық бастамаларына қолдау көрсету.
ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС
- Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу;
- Көтерілген мәселелерді тиісті мекемелермен бірлесіп шешуге ықпал ету;
- Атқарылған жұмыстар туралы халыққа тұрақты ақпарат беріп отыру.
Жарияланым ақысы №7 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Құдасов Наурызбайдың бюджеттік сайлау қорынан төленді.
