ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Мен, Нарымбетов Құрманғазы Нұралыұлы, 1976 жылы 16 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келдім. Біліміім жоғары. 1983-1993 жылдары Арыс қаласында орналасқан №11 Б.Момышұлы атындағы орта мектепте білім алдым. 1994-1996 жылдары «Политехникалық колледжінде» оқып, энергетика мамандығын меңгердім. 2006-2010 жылдары «Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінде» көлік жүйелерін ұйымдастыру (логистика, тасымалдау және қозғалысты басқару) мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолымда 2002-2006 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» пойыз қабылдаушы, 2006-2012 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» коммерциялық бақылау бекетінің бригадирі, 2012-2015 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» станция кезекшісі, 2015-2024 жылдары «ҚТЖ» — «Шымкент тасымалдау бөлімшесі» директорының логистика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін станция басшысы қызметін атқарып келемін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ЕЛ СЕНІМІ – ЕРТЕҢГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
- ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ:
- Әр тұрғынның өтініші мен ұсынысына әділ қарап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету;
- Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалысу;
- Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, халық алдында ашық есеп беру.
- АРЫСТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
- Қала және ауыл көшелерін жөндеу, сапалы жол салу мәселелерін көтеру;
- Көшелерд жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары мен аулалардыы аббандыруға ықпал ету;
- Ауызсу, электр энергиясы және коммуналдық қызмет сапасын жақсартуға атсалысу;
- Қоғамдық көлік қатынасын жетілдіру мәселелерін назарда ұстау.
- ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
- Арыс қаласының теміржолшылар қаласы ретіндегі ерекшелігін ескере отырып, теміржол саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалау мен әлеуметтік қолдау мәселелерін көтеру;
- Жергілікті тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдау;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.
- ЖАСТАР, СПОРТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
- Балалар мен жастарға арналған спорт және ойын алаңдарын көбейтуге ықпал ету;
- Жатардың білім алуына, жұмысқа орналасуына және қоғамдық бастамаларына қолдау көрсету;
- Ардагерлер, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтардың мәселелеріне назар аудару.
-
- ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС
- Тұрғындрмен ашық әрі тұрақты байланыс орнату,
- Халық көтерген мәселелерді тиісті мекемелерге жеткізіп, шешілуін бақылау;
- Қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын ұстану.
- ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС
Жарияланым ақысы №2 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Нарымбетов Құрманғазы Нұралыұлының бюджеттік сайлау қорынан төленді.
