№6 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер МЕДЕТБЕКОВ ЕРҒАЗЫ МАКСИМХАНҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Медетбеков Ерғазы Максимханұлы 1967 жылы 10 сәуір күні  Онтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келді. Арыс қаласында орналасқан №32 Ә.Жангелдин атындағы орта мектепті 1984 жылы бітірген. Еңбек жолы 1984 жылдың қыркүйек айында спорт мектебінде жаттықтырушы болып басталды.

Білімі жоғары. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген соң, еңбек жолы туған жерінде өтуде. «Қазақстан Халықтар Достығы университетін» тәмамдағаннан кейін,  1992-1993 жылдары Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып қызмет атқарған.

Спорт жанашыры. 1990-1992 жылдары «СКИФ Ордабасы», 1994-1995 жылдары Алматыдағы «Намыс», 1996-2000 жылдары Өзбекстанның «Тұран», Арал, Нөкіс қаласының кәсіби футбол клубтарында өнер көрсетті. Екі жыл 1-ші лигада және екі жыл жоғары лигада ойын көрсетті.

 2001-2008 жылдары «Арыс» спорт мектебінде, 2009-2010 жылдары Шымкент қаласындағы №7 мамандандырылған футбол мектебінде аға жаттықтырушы, 2010-2021 жылдары «Арыс» футбол мектебінің директоры  болып еңбек етті.

Қазіргі таңда «Арыс спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді. 

Арыс қалалық мәслихатының V VI VII VIII шақырылым депутаты ретінде қалалық әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында көптеген бастамалар көтерді. 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Мемелкет басшысы Қ. Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңіндегі Қазақстанның өзекті міндетті» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізу:

Дәрігердің, мұғалімдердің, зейнеткерлдердің, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету; «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Арыс қаласының экологиялық мәселелерін шешуге, Б.Онтаев көшесінің аяқ жағына спорт алаңын салдыруға, Ө.Жәнібеков,Балғынбеков, Жұмағалиев көшелерінің қиылысына, орталық базар маңындағы бес қабатты  көп пәтерлі үйдің маңына балалар ойын алаңшасын орнатуға ықпал ету,   Н.Исмаилов көшесінде орналасқан мешіт маңындағы спорт алаңшасына күрделі жұмыстар жасату  атсалысу;

С.Юсупов көшесін жарықтандыру жұмыстарына атсалысу, қаланың «Стадион» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуге мемледа көкеттік тұрғымек жасалуына және оның түпкілікті шешілуіне ықпал ету, жастарға білім мен сапалы тәлім-тәрбие беруге, оларды спортқа тартуға, жарыстар ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, «Стадион» шағын ауданына қарасты «Оңтүстік» орамының инфрақұрылымын жаңғыртуға ат салысу;

Елді мекендерді көгалдандыру, көшелер мен жолдарын жөндеп, жарықтандыруды заман талабына сай жүргізуге, экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге нақты үлес қосу, қала халқын сапалы дәрі-дәрмек, мінсіз медиуиналық қызметпен қаматамасыз ету, елделу мен жедел-жәрдем жоғары деңгейде ұйымдастыру, экономиканың негізгі тірегі- жеке кәсіпкерліктің өркендеуі жолындағы кедергілерді жойып, олардың еркін дамуына көмек көрсету;

«Арыс футбол клуб» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Чемпионатының 1- ші лига командалар арасында үздік бестікке енуге ықпал жасау, Қалада жастар арасында қылмысты болдырмау мақсатында қала жастарын спорт түрлеріне баулу;

Сайлаушылардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін атқарушы билік пен тиісті мекеме басшылар алдында өзекті мәселе етіп қойып, олардың дер кезінде орындалуына депутат ретінде атсалысуға;

Депутат болған жағдайда үш ауыл әкімшілігіне, атап айтқанда : Дермене, Жиделі, Монтайтас ауылдарына заманауи спорт зал ғимаратын салдырту мәселесі үміткердің басты назарында. 

 

Жарияланым ақысы №6 сайлау Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Медетбеков Ерғазының бюджеттік сайлау қорынан төленді. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ветеринария саласы қызметкерлеріне 85 көлік тапсырылып, су шаруашылығы өкілдеріне құрмет көрсетілді

Түркістанда «Digital Jastar: Цифрлық қоғам. Заң мен Тәртіп» форумы өтті

Redaktor Arysinfo

САЙРАМ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz