№8 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ТӨЛЕГЕН ӘЛІШЕР НҰРЛАНҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Мен, Төлеген Әлішер Нұрланұлы, Арыс қаласында туып-өстім. Мамандығым – құқықтану. Қызметім ұйымдастыру мәселелерімен, тұрғындардың өтініштерімен байланысты болды.

Қаламыздың дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.

Әрбір елдімекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенемін. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні осында.

Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.

Міндеттемелерімнің негізінде нақты міндеттер, нысандар мен мерзімдер жатыр. Олардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетте ескерілуіне қол жеткізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында ашық есеп беремін.

Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 

1. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ОРТА

  • Көшелерді жөндеу және сапалы жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтеру.

  • Көше жарығын орнату және істен шыққан жарықтарды қалпына келтіруге ықпал ету.

  • Жаяу жүргіншілер жолдары мен қауіпсіз қозғалыс жағдайын жақсарту.

  • Балаларға арналған ойын алаңшаларын салу және ескілерін жаңарту мәселесін көтеру.

  • Ойын алаңшаларына қауіпсіз әрі заманауи жабдықтар орнатуға, жарықтандыру мен орындықтар қоюға ықпал ету.

  • Аула тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді бақылау.

2. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

  • Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың мәселелерін тиісті органдарға жеткізу.

  • Ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру мәселесін көтеру.

  • Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал ету.

    3.ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

    — Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды қолдау.

    — Жастар арасында нашақорлық пен алкогольдік тәуелділіктің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуге ықпал ету.

    — Аула клубтарының жұмысын жандандыруға, білім беру мекемелеріндегі үйірмелердің қызметін кеңейтуге және спорт алаңдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға қажетті қаржы бөліну мәселесін көтеру.

    — Арыс қаласында заманауи талаптарға сай оқушылар сарайын салу мәселесін тиісті органдар деңгейінде көтеру.

    1. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ

    — Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына, олардың білімін тереңдетуге және дарынды жастардың қабілетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.

    — Ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен елге деген жауапкершілікті қалыптастыру.

    — Жас мамандар мен жас отбасыларды қолдау мәселелерін көтеру.

    — Қала тұрғындары арасында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған мәдени және тәрбиелік іс-шараларға қолдау көрсету.

    1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

    — Қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы жинау және шығару жүйесін жетілдіру мәселелерін көтеру.

    — «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қаланы көгалдандыру, ағаш отырғызу және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын қолдау.

    — Қоршаған ортаны қорғау, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының алдын алу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға атсалысу.

    — Қала тұрғындарын тазалық пен абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақыратын қоғамдық бастамаларды қолдау.

    1. АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС
    • Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу.
    • Түскен өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысын бақылау.
    • Қалалық бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуына қатысты мәселелерді көтеру.
    • Өзекті мәселелерді тиісті мекемелерге жеткізіп, олардың шешілу барысы туралы тұрғындарға ақпарат беру.
    1. САЙЛАУШЫЛАРМЕН ТҰРАҚТЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ

    — Сайлау округінің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін жүйелі түрде қабылдау.

    — Тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді тиісті атқарушы органдарға жеткізіп, олардың заң аясында қарастырылуына ықпал ету.

    — Депутаттық сауалдар мен депутаттық өкілеттіктің өзге де заңды тетіктерін пайдалана отырып, халықтың мүддесін қорғау.

    — Көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылап, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында тұрақты есеп беру.

    Жарияланым ақысы №8 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Төлеген Әлішердің бюджеттік сайлау қорынан төленді. 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БІР ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ БЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

МАҚТААРАЛДА КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

berdaly_oraz

Әлем жабылса да, Қазақстан жабылмайды

berdaly_oraz