Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Ибата елді мекенінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды. Қуанышты шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, қоныс иелерін жаңа баспанамен құттықтады.
Жаңа тұрғын үй Ибата ауылындағы 1989 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен салынған. Игі іске ұйытқы болған азаматтар туған жерге жанашырлық танытып, мұқтаж отбасыға қолдау көрсетті.
Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі қайырымды іске атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, арнайы Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, мұндай бастамалардың қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтудағы рөлі ерекше екені атап өтілді.
Айта кетейік, жаңа баспана барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Қоныс иелері көрсетілген қамқорлық үшін ризашылықтарын жеткізді.
