Түркістан облысында 35 алаяқ ұсталды

Түркістан облысында биыл 300-ден астам алаяқтық қылмыс дерегі тіркелді. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ең көп кездесетін алаяқтық түрі – қайтарымсыз грант шығарып беру. Осындай 66 жағдай анықталған. Сонымен қатар, тауарға алдын ала төлем жасау, жұмысқа орналастыру, автокөлікті құжаттандыру, кезексіз үй алып беру, несие рәсімдеу, оқуға түсіру, шетелге құжат жасау, мүгедектікке шығару сияқты қылмыс түрлері жиілеген.

Жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде 35 күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Кентау қаласында 24 жастағы ер адам мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, төрт азаматты алдап, олардың әрқайсысынан 500 мың теңгеден алған. Кейін телефон байланысын үзген. Полицейлер тергеу барысында күдіктінің осындай тағы үш қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Жалпы 1,5 миллион теңге көлемінде шығын келген. Бұл іс бойынша сот процесі басталды.

Түркістан облысының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді. Таныс емес адамдардың жұмысқа орналастыру, кезексіз үй алып беру, несие шығарып беру, грант немесе басқа әлеуметтік көмек әперу туралы уәделеріне сенбеуге шақырады. Күмәнді жағдайлар туындаса, дереу полицияға хабарласу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Шардара ауданы әкімдігінде мәжіліс өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысында кеден бекеттерінің жұмысын жетілдіру мәселесі қаралды

berdaly_oraz

Сарыағаш тұрғындары облыс әкімімен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді

berdaly_oraz