№3 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер СЕЙДЕШ БАҚДӘУЛЕТ БАҚЫТҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Мен, Сейдеш Бақдәулет Бақытұлы      1992жылы 20 мамыр күні  Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім. Білімім жоғары, мамандығым – құқықтану. Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебін 2008 жылы бітірдім. 2022 жылдан бастап «Әділет» партиясы Арыс қалалық филиалының  кеңесшісі қызметін атқарып келемін.

Арыс қаласының дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.

Әрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенемін. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні осында.

Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.

Міндеттемелерімнің негізінде нақты міндеттер, нысандар мен мерзімдер жатыр. Олардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетте ескерілуіне қол жеткізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында ашық есеп беремін.

Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Арыс аудандық орталық аурухана мен емхананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Қала ішіндегі жолдардың сапасын жақсартып, көлік тасымалдау сапасын арттыруда жолдардың орташа және күрделі жөндеуден өтуіне атсалысу, қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің санының және сапасының артуына күш салу.

  1. ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫ

Арыс қаласында азаматтардың тұрғын үйге қол жетімділігін арттыруда кезекте тұрған отбасылардың баспанамен заңға сәйкес қамтамасыз етілу мәселесін көтеру.

  1. ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫ ДАМЫТУ

Инвесторларды тарта отырып, экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнесті нығайтып, оны дамыту арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту.

  1. КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ

Ісін жаңадан бастаған және жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жобалардың субсидиялануы мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарды өзінің кәсібін ашып, дамытуға, сондай-ақ қаржылай қолдау орталықтары арқылы жеңілдетілген несиелендіруге жәрдемдесу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қала және ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Қала және ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫ

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау. Қарт адамдар, көпбалалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және қала мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АРЫС

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өзім сайланатын аумақтағы көшелерді абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, қоқыс жинау контейнерлерін орнатуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Арыс қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, мектепке баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. Сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

  1. ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС

Сайлау науқаны кезінде үгіт-насихат жұмыстары және кездесулер барысында тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштері мен талап-тілектерін жинақтап, арнайы                  іс-шара жоспарын бекітіп, олардың орындалуы бойынша мемлекеттік органдармен барынша жұмыс жүргізу.

Жарияланым ақысы №3 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Сейдеш Бақдәулеттің бюджеттік сайлау қорынан төленді. 

Ұқсас жаңалықтар

Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында футболдан жаңа турнир басталды

ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН АЗИЯ КУБОГЫНДА СОЗАҚТЫҚ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

berdaly_oraz