МОНТАЙТАС ПЕН БАҚЫРША АУЫЛДАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

17 қараша күні Монтайтас және Бақырша ауылдарында өткен тазалық шарасы барысында елді мекендердің ішкі аумақтары мен көше бойлары қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Мұндай шаралар ауылдардың санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, туған жерге деген жанашырлық пен қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы абаттандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Таза ауыл – тұрғындардың ортақ жауапкершілігі, ал көрікті мекен – бірлескен еңбектің нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда дарынды балалармен кездесу өтті

1 шілдеден бастап несие беру талаптары қатаңдайды

Redaktor Arysinfo

Түркістан өңірінде медицина нысандарының инфрақұрылымы жаңаруда

Альфия Адамбек