Арыста Наурыз мейрамы кең көлемде тойланады

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы Арыс қаласында ерекше сән-салтанатымен аталып өтпек. Жыл басын айшықтайтын дәстүрлі мерекеге орай 2025 жылғы 20 наурызда «Қош келдің – Әз Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Мерекелік іс-шара Орталық Әл-Фараби алаңында өтеді. Көпшілік асыға күтетін думан сағат 10:00-де басталады.

Наурыз мейрамы – тек көктемнің келуі ғана емес, халқымыздың бірлігі мен татулығын айшықтайтын маңызды мереке. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, арнайы қойылымдар, ән мен би, спорттық жарыстар өткізіледі.

Ұйымдастырушылар арыстықтарды және қала қонақтарын мерекеге белсенді түрде қатысуға шақырып, жақындарын бірге ертіп келуге үндейді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатында 13 мәселе қаралды

berdaly_oraz

Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған облыстық конференция өтті

ТҮРКІСТАНҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНАН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЛДІ

Пікір жазу