Арыста  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өмір қымбатсың маған» семинар-тренингі өтті

Арыс қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен студент жастар арасында аудодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында семинар-тренинг өтті. Оны мекеме психологы А. Үсен жүргізді.

Шара барысында жастардың өмірге деген құштарлығын арттыру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау және өз орнын табуға көмектесу мәселелері талқыланды. Қатысушылар «Өмірдің мәні» тақырыбында ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Семинар жастардың өз өмірін бағалай білуіне, айналасына жағымды эмоция сыйлай алуына бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында бюджет кірісін ұлғайтуға бағытталған рейдтік түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

berdaly_oraz

Елдегі ең төменгі жалақы қашан және қаншаға көтерілуі мүмкін?

Redaktor Arysinfo

Түркістан мен Шымкентте 48 адам рақымшылықпен бостандыққа шықты