Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ата-аналар өтініштерді egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе жергілікті әкімдіктердің ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
  2. №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  3. 3х4 фотосурет (2 дана).

Ұқсас жаңалықтар

Украина президенті Ақ үйдегі кездесу туралы айтты

berdaly_oraz

Цифрлық теңге «алдау құралы» ретінде: алаяқтардың жаңа схемасы

berdaly_oraz

ТРАМП: ИРАН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ КЕРЕК