ТРАМП: ИРАН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ КЕРЕК
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты пікір білдіріп, елдің келісімге келуі қажет екенін айтты.
Журналистер сұрағына жауап берген ол, Иран тарапының жағдайды жақсы түсінетінін және қақтығысты ушықтырмау керектігін жеткізді.
Трамптың айтуынша, Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізіп, шиеленісті тоқтатуға мүдделі болуы мүмкін. Ол сондай-ақ келіссөз процесіне өзі де араласқанын атап өтті.
Айта кетейік,бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет қажет болған жағдайда Иранға қарсы әскери әрекеттер қайта басталуы мүмкін екенін айтқан еді.