Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 3:42-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде, Жамбыл облысының аумағында орналасқан.

Зілзала дүмпуі  Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 балл деңгейінде сезілді. Құлан ауылында 4 балл, Тараз және Шу қаласы, Қордай, Мойынқұм ауылдарында 2 балдық деңгейде сезілді.

ТЖМ командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды. Вице-министр Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен кеңес өтіп, аумақтық бөлімшелермен байланыс орнатылды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімдігі Woosong University Kazakhstan оқу ордасына 100 грант бөлді

Түркістан облысында 4 қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

berdaly_oraz

Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды