Түркістан: Ордабасы ауданының орталығы гүлмен көмкерілді

Ордабасы ауданының орталығында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Сол орайда, Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында 75 000 дана маусымдық гүл мен 6000 дана көп жылдық раушан гүлі отырғызылды. Гүл отырғызу жұмыстары ауданның негізгі көшелері мен демалыс орындарында жүргізілді. Түрлі түсті гүлдер көшелерге ерекше сән беріп, аудан халқына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

Маусымдық гүлдер қатарында шафран, катарантус, бегония сынды әсем өсімдіктер бар. Олар қаланың эстетикалық көрінісін жақсартып қана қоймай, экологиялық ахуалға да оң әсерін тигізеді.

Жауапты мекеме қызметкерлері егілген гүлдердің ұзақ уақыт бойы жайқалып тұруы үшін күтіп-баптау, суару жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: БІР СЫНЫПТА ОҚЫҒАН ТӨРТ ДОС ӘСКЕРГЕ БІРГЕ АТТАНДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТАЛАПҚА САЙ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo

ШЫМКЕНТТІКТЕР! ҚҰРЫЛЫС САЛУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ

berdaly_oraz