Шымкентте пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр

Шымкентте пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мысалы Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті жеке кәсіпкер «П.Б.»-ға оның меншігіндегі 0,8 га жер учаскесін мақсатына сәйкес пайдаланбауына байланысты мәжбүрлеп алу туралы сотқа талап қоюмен жүгінген.  

Жер заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы  кәсіпкер мерзімін көрсете отырып нұсқама берген, алайда бұл талапты ол орындамаған, яғни жерді мақсатына сәйкес пайдаланбаған.
Істі қарау нәтижесінде соттың шешімімен  жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алынды.

Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесі бірнеше жыл игерілмей бос жатқандығы анықталған, осылайша жерді заңда көрсетілген мерзімде пайдаланбау оны мәжбүрлеп иеліктен шығаруына әкеліп соқтырды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сондықтан кәсіпкерлер — заңда, жерді рәсімдеу туралы шартта және басқада актілерде көрсетілген мерзімдер ішінде өздерінің меншігіндегі кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін толығымен игермеген жағдайда тиісті жауапкершілік қарастырылғанын назарында ұстағандары жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

Альфия Адамбек

Төлеби ауданында жаңа спорт кешені ашылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ

Redaktor Arysinfo