Шымкентте тазалық талаптарын бұзған 1600-ден астам адам жауапқа тартылды

Шымкентте тазалық талаптарын бұзған 1600-ден астам адам жауапқа тартылды,- деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласында қоғамдық орындарды ластаған 1638 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқықбұзушылықтар жедел басқару орталығының бақылау камералары арқылы анықталып, тіркелуде. Қала полициясы белгіленбеген жерлерге қоқыс тастаудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді.

Құқық қорғау органдары санитарлық нормаларды бұзу айыппұлға әкелетінін еске салып, тұрғындарды қала тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік ғимаратта көз жұмды

Redaktor Arysinfo

Түркістанда полиция бастығы тұрғындарға қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді

berdaly_oraz

Құны жарты миллион теңге тұратын Монтайтас көшелеріндегі бейнебақылау камералары кімнің бақылауында?

berdaly_oraz