Түркістандық жас шахматшы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Сербияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында түркістандық жас шахматшы Нұрислам Сұлтанхан ерекше жетістікке қол жеткізіп, күміс медаль жеңіп алды. Бұл – оның халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жеңісі, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мәліметтерге сүйенсек, турнирге әлемнің 44 елінен 470 шахматшы қатысқан. Жас шахматшы Нұрислам  өз шеберлігін көрсетіп, таланты мен еңбекқорлығының нәтижесінде 7 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Жаттықтырушысы Қуанышбек Жұмадуллаев пен ата-анасының қажырлы еңбегінің арқасында Нұрислам елдің намысын қорғап, әлемге танытуда.

Шахматшы мен бапкерін Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен жаттықтырушылар, спорт жанашырлары мен туыстары күтіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ өкілдерімен кездесті

berdaly_oraz

Түркістан өңірінде медицина нысандарының инфрақұрылымы жаңаруда

Альфия Адамбек

Арыс өңірінде кеурек қазған шетелдіктер анықталды