Үкімет отырысы: Елде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады

Елде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

2024 жылы Қазақстанда 340 млн астам мемлекеттік қызмет онлайн-форматта көрсетілген. Бұл туралы үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92%-ын қашықтан алуға болады. Сонымен қатар статистика көрсеткендей, азаматтар көбінесе оған смартфондар арқылы – 90% жүгінеді.

Бұған қоса, қазақстандықтар QR-қолтаңба мен биометрияны сенімді қолдана бастаған. Цифрлық құжаттар қызметі ерекше танымал болуда, бір жыл ішінде азаматтар оны 292 млн рет қолданды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қара күш иесі жаңа ұлттық рекорд орнатты

Түркістан облысының әкімдігі Woosong University Kazakhstan оқу ордасына 100 грант бөлді

Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды