Түркістанда ашылатын ”Қолөнершілер қалашығын” дамыту жолдары қарастырылды

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жаңа туристік нысан – «Қолөнершілер қалашығы» бой көтеруде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен қолөнер саласының өкілдерімен кездесіп, аталған орталықты дамыту, жұмысын үйлестіру бойынша кеңес өткізді. Өңір басшысы «Қолөнершілер қалашығы» заман талабына сай болып, мәдениетті, қолөнерді және туризмді дамытуға серпін беруі тиіс екенін жеткізді.

“Биыл жаңа заң қабылданып, Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Ол заңда қолөнер саласын дамыту міндеті де жүктелген. Бұл ретте тарихи шаһардың әлеуеті жоғары екенін білеміз. «Қолөнершілер қалашығын» дамытып, жұмысын жүйелі түрде үйлестіру керек. Бұл жоба туризмді, қолөнерді дамытып қана қоймай, өзін-өзі қамтитын, кірісті ұлғайтатын деңгейге көтерілуі қажет. Жан-жақты ойластырып, жұмысты сапалы атқарыңыздар”, – деді Нұралхан Көшеров.

Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың, Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің «Қолоөнершілер қалашығына» қатысты ұсыныстары мен жоспарлары тыңдалды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерін марапаттады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫМЕН САЛЫНҒАН №32 МЕКТЕП АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СӘТ- САПАР ТІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

АРЫСТА ҮЙІРЛІ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

berdaly_oraz