Мақтааралда «Египетке жұмысқа орналастырамын» деп алдап, миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды

Мақтааралда «Египетке жұмысқа орналастырамын» деп алдап, миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды,- деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адамды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Тергеу барысында оның бірнеше адамды шетелде жұмысқа орналастыру уәдесімен ақша алғаны анықталды.

Күдікті танысының сеніміне кіріп, оны Египетке жұмысқа жібереді деп 100 мың теңгесін алған. Алайда кейін байланысқа шықпай, ізін суытқан.
Тәртіп сақшылары бұл алаяқтыққа қатысты тағы 7 факті анықтады. Жалпы келтірілген шығын – 1 миллион теңгеге жуық.
Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда оның ісі сотқа жолданды.

Полиция азаматтарға сақ болуды, күмәнді жұмыс ұсыныстарына сенбеуді және тексерілмеген тұлғаларға ақша аудармауды ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында Президент тапсырмалары аясында әлеуметтік қолдау мен денсаулық сақтау саласында ауқымды жобалар іске асуда

berdaly_oraz

Құны жарты миллион теңге тұратын Монтайтас көшелеріндегі бейнебақылау камералары кімнің бақылауында?

berdaly_oraz

Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды