Қазіргі жаһандану заманына сәйкес еліміздің сот өндірісінде жаңа технологияларды енгізу және пайдалану бойынша бірқатар шаралар жүзеге асып, бүгінгі таңда азаматтық процесте сотқа тараптарды шақыру бұрынғыдай емес, жаңа технологиялардың іске қосылуымен жеңілдене түсті.
Қазіргі кезде, тараптарды «Төрелік» бағдарламасы негізінде sms-хабарламамен немесе егер тарап сот кабинеті сервисі арқылы берсе, сол сервиспен хабарландыру бас маман сот-мәжіліс хатшыларының жұмысын жеңілдете түсті.
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы ҚР АПК-не сәйкес істі сотта ұйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарумен аяқталады.
Судья істі дайын болды деп тани отырып, іске қатысатын адамдарды, олардың өкілдерін, сондай-ақ куәларды, сарапшыларды, мамандар мен аудармашыларды сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарланыдырылып, соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырады.
Қолданстағы заңнамаға сай, іске қатысатын адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.
Хабарлаулар мен шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланстың абоненттік нөмері немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
ҚР Азаматтық процестік кодексінің 129 бабының 1- бөлігіне сәйкес, соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмеріне не пошта арқылы жеткізіледі немесе судья оларды жеткізуді тапсыратын адам жеткізеді.
Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама сотқа қайтарылуға жататын қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қол қойғызып, оған жеке табыс етіледі.
Арыс аудандық сотының бас-маман сот
отырысының хатшысы Т.Сәдуақас