Түркістанда футболдан жасөспірімдер арасында ел чемпионатының жалауы көтерілді

Түркістан қаласындағы О.Жарылқапов атындағы стадионда футболдан 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының жалауы көтерілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Әлемде нөмірі бірінші спорт түріне баланатын футбол ойыны соңғы жылдары елімізде қарқынды дамып келеді. Осы орайда тарихи шаһарда ұйымдастырылған футбол бәсекесіне елімізден таңдаулы аяқдоп шеберлері қатысып, жасыл алаңда жасындай жарқырауда.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, шын мықтылар жеңіске жетсін деген ыстық лебізін білдірді.

Жасөспірім футболшылар арасындағы ел біріншілігіне республикамыздан 15 команда,  300-ден астам спортшы қатысуда. Талантты аяқдоп шеберлері қатысып жатқан жарыста еліміздің болашақ жарық жұлдыздары іріктеледі.

Айта кетейік, Түркістан облысының 2010 жылы туған жасөспірімдер құрамасы бұған дейін еліміздің 4 дүркін жеңімпазы атанған. Енді осы чемпиондық атақты сақтап қалу үшін өз алаңдарында бар күш-жігерлерін көрсетеді. Жарыс 1-10 сәуір күндеріне жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

berdaly_oraz

Маңғыстауда құны 870 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Redaktor Arysinfo

Төлебилік кәсіпкер тоғандарда 80 тоннаға жуық балық шабақтарын өсіруде