ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК-ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Қазақстан Халық банкі демеушілігімен және Түркістан облысы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылған «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған ауқымды мәдени жоба аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы әртіс-солистері мен «Бірлік» би ансамблінің өнерпаздары Түркістан облысының бірнеше өңірінде өнер көрсетіп, жергілікті тұрғындарға ерекше рухани кеш сыйлады.

21 мамыр күні Шәуілдір ауылы тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашаласа, 22 мамырда Арыс қаласының көрермендері өнер кешіне куә болды. Ал 23 мамыр күні Темірлан ауылы тұрғындары мәдени жобаны зор ықыласпен қарсы алды.

Концерттік бағдарламалар барысында ұлттық әндер, заманауи эстрадалық шығармалар және әсерлі хореографиялық қойылымдар сахналанып, өнерсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй мен рухани әсер сыйлады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени кештер көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, ұлттық өнерді насихаттаудың жарқын үлгісіне айналды.

«Халық әуені» туры – қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп, ел ішіндегі мәдени байланысты нығайтқан тағылымды жоба болды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Жасыл толқын” бастамасымен экологиялық сенбілік өтті

berdaly_oraz

Арыс – Түркістан бағытында жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті — дереккөз

berdaly_oraz

Төлебилік кәсіпкер тоғандарда 80 тоннаға жуық балық шабақтарын өсіруде