ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Теміржолшылар кентінде «Алтын күз» мерекесіне орай ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені тұрғындармен бірге қала әкімі Гүлжан Құрманбекова аралап, егінді уақытылы жинап алған ауыл еңбеккерлерімен әңгімелесті.

Орталық Әл-Фараби алаңында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен қаламызға қарасты барлық ауылдық округ шаруалары қатысты. Барлығы да өздерінің саттықтағы азық-түліктері мен көкөністерін алып келді. Сөреге көкөніс, ет, құс еті сүт өнімдері, және жеміс-жидек, бақша мен дәнді дақылдар, картоп, сәбіз, жұмыртқа, т.с.с жалпы көлемі 40-тан астам жуық өнімдер саудаланды.

Жәрмеңкеде диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, қол жеткізген жетістігі жиналғандар алдында сараланды. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды.

Жәрмеңке көрігін келушілерге арнайы жасалған әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерінен жасалған ерекше композициялар қыздыра түсті. Мереке барысында көрермендерге асыл тұқымды қой көрмесі ұсынылды, ал ауыл шаруашылық техникасының көрмесі келушілерге саладағы заманауи жаңалықтарды көрсетуге мүмкіндік берді.

Қысқасы, шаруалардың тынымсыз тірлігі жоғары бағаланды. Мұны босап қалған сөрелер, бар тауарын өткізіп үлгерген бос жүк газельдері мен қап-қап азықты арқалап бара жатқан қала тұрғындарының көрінісінен-ақ байқауға болады.

Мереке әрі қарай қалалық Мәдениет үйінде «Алтын Күз» мерекелік концертке ұласты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

berdaly_oraz

Онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар енгізіледі

berdaly_oraz

Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

Пікір жазу