Түркістан облысында 16-шы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастамасымен Сайрам ауданында жаңа «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды. Бұл сынып жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, еліміздің қауіпсіздігін сақтауға және полицияның имиджін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жаңа сыныпқа құрметті полиция полковнигі Мәлік Оразалиевтің есімі берілді. Мәлік Оразалиев – аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы, ел тыныштығын сақтау жолында елеулі еңбек сіңірген тұлға. Оның есімі бұл сыныпта жастарға үлгі боларлықтай. Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, Полиция департаментінің өкілі Ерлан Шамшат, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, полиция басқармасының бастығы Мұрат Ермеков, сондай-ақ марқұм Мәлік Оразалиевтің ұл-қыздары қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында қазақстандық полицияның имиджін арттыру, батылдықты насихаттау және оқушыларды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу. Оспанғазы Жанқожаев өз сөзінде жастарға үлкен сенім артып, Мәлік Оразалиевтің ерен еңбегі туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шараның соңында 30 оқушы өз Отанының қорғаушысы болуға, оқуда және қоғамдық өмірде белсенді болуға ант беріп, «Жас сақшы» қатарына қосылды. Бұл сыныптың ашылуы жастардың қауіпсіздік және құқық қорғау саласындағы білімдерін арттыруға, сондай-ақ өз елінің патриоты болуға ынталандырады.

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстаулық делегация Түркістан облысының тәжірибесімен танысты

Түркістанда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

berdaly_oraz

Арыс қаласында сенбілік өтті: Таза ортаны бірге қалыптастырамыз

berdaly_oraz

Пікір жазу