Тұрсын Алагөзов тағы 50 қызметкерін баспанамен қуантты

Шымкенттік кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өз ұжымына тағы да қолдау көрсетіп, бірден 50 қызметкерін баспанамен қамтамасыз етті. Бұл жаңалықты оның жары, продюсер Баян Алагөзова жариялап, жолдасының еңбегін ерекше атап өтті.

Айтуынша, игі бастама кәсіпорынның мерейтойымен тұспа-тұс келген. Жарты ғасырлық тарихы бар зауыттың дамуына үлес қосқан жұмысшыларға осындай сый жасау – кәсіпкердің дәстүріне айналып келеді. Жаңа пәтерлер ұзақ жылдар бойы табанды еңбек еткен жандарға берілмек.

Блогер Бейбіт Әлібеков та бұл бастаманы қолдап, пәтерлердің ішінде зауытта 40 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлер де бар екенін атап өтті. Бұл – қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалаудың нақты көрінісі.

Еске салсақ, бұған дейін де Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне баспана сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Сонымен қатар, ол тек қызметкерлерді ғана емес, олардың ата-аналарын да назардан тыс қалдырмаған. Кәсіпкердің бастамасымен 65 жастан асқан ата-аналарға ай сайын қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.

Мұндай әлеуметтік жауапкершілікке негізделген қадамдар еліміздегі бизнестің жаңа үлгісін қалыптастырып, қоғамда оң көзқарас тудырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында балаларға арналған ашық есік күні өтті

berdaly_oraz

Ұлттық ұлан офицері Балқаш көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалды

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысы Жетісай ауданында үстел теннисі орталығы ашылды

berdaly_oraz