Түркістандық дәрігерлер 500 грамм салмақпен туылған сәбиді аман алып қалды

Түркістандық дәрігерлер 500 грамм салмақпен туылған сәбиде аман алып қалды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облыстық №1 перинаталды орталығында 24 апталық кезеңде нәресте дүниеге келді. Салмағы 500 грамм, бойы 25 сантиметр болып туған сәбидің жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

«Туылғаннан кейін нәресте бірден жансақтау бөліміне ауыстырылды. Нәрестеге өкпені жасанды демалдыру аппараты қосылған. Сәби ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес толық емін қабылдады. Екі айдан кейін салмағы 1700 граммға толып, нәрестелердің жоғары тәуелді бөліміне ауыстырылды. Үш айдан кейін өздігінен тыныс алды. Ары қарай нәрестеге толық күтім жасалып, 3 ай 14 тәулігінде 2760 грамм салмақпен перзентханадан шығарылды», дейді орталық дәрігерлері.

Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы бірқалыпты. Балақайдын салмағы 2760 грамм болып, облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. Бала өздігінен дем алуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полиция студенттермен бірге 2000-нан астам заңсыз сайтты бұғаттады

berdaly_oraz

073/е медициналық анықтамасы енді eGov Mobile-да қолжетімді

berdaly_oraz

Қайсар Маңқараев:Тазалық – әрбір азаматтың жауапкершілігі

berdaly_oraz

Пікір жазу