Елімізде енді мопед міну – жай ермек емес

Қазақстанда 2025 жылдың 8 сәуірінен бастап мопед жүргізуге қойылатын талаптар заң жүзінде қатаңдатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа өзгерістер күшіне еніп, мопед мінушілер енді кәдімгі көлік жүргізушілерімен тең дәрежеде жауапкершілікке ие болды.

Бұрын жай ғана «темір тұлпарға» мінудің жеңіл түрі саналатын мопедті енді кез келген адам міне алмайды. Жаңа талаптар бойынша:

Мопед міндетті түрде тіркелуі керек;

Жүргізушіде арнайы куәлік болуы тиіс;

Сақтандыру полисі – міндетті талап;

Техникалық байқаудан өтуі қажет;

Қорғаныс шлемі – заңмен белгіленген шарт;

Мопедтің техникалық жағдайы толық жарамды болуы керек.

Жаңа заң талаптары жол қауіпсіздігін арттырып, көлік жүргізу мәдениетін жақсартуға бағытталған. Енді мопедті «қала ішінде тез жету құралы» деп қана емес, толыққанды көлік ретінде қабылдау қажет.

Бұдан былай «мінгізіп жіберші» деген сөздің де салмағы ауыр – жауапкершілік заңмен бекітілген.

Ұқсас жаңалықтар

«Жалған ақпарат»Әлеуметтік желілерде мектептерде балаларға есірткі қосылған кәмпит таратылып жатқаны туралы видео тарады

berdaly_oraz

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қағып кетті

berdaly_oraz

Енді кез келген қазақстандық баспана кезегіне тұра алады