2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Арыс қаласында неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде салтанаттылықты қамтамасыз ету сервисі іске қосылды, деп жазады Arysinfo тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының хабарлауынша, енді некеге тұру рәсімін салтанатты жағдайда өткізуге болады және Арыс қаласы үшін қызмет құны — 20 000 теңге.
Өтініш Арыс қаласы, Ергөбек көшесі №109 үй Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Арыс қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне беруге болады.
Отбасы құндылықтары кез-келген адамның өмірі құрылатын маңызды іргетас. Отбасын құру адам өміріндегі ең маңызды қадам. Жанұя құруда материалдық құндылықтар емес, адами қасиеттер, шынайы махаббат пен принциптер маңызды. Сондықтан бұл мүмкіндік шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін маңызды естелік.