Шымкентте 1-сынып оқушысы құрылыс шұңқырына құлап мерт болды

Шымкентте Тұран-1 шағын ауданында 1-сынып оқушысы су толы қоршалмаған құрылыс шұңқырына құлап мерт болды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қайғылы оқиға 12 сәуір күні болды. Жеті жасар бала сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Бала үйге оралмағаннан кейін туыстары іздей бастайды. Өкінішке қарай, шамамен 22:00-де оның денесі екі метрдей тереңдікте су толған шұңқырдан табылды. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шұңқырдың ашық жатқанына біраз болған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кетіпті. Тұрғындар қауіпті аумақты қоршау туралы өтінішпен жауапты органдарға бірнеше рет хабарласқанымен, ешқандай шара қолданылмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Сауранда агросекторда егістік алқаптары ұлғайып, жаңа технологиялар енгізілуде

Альфия Адамбек

Түркістан облысында 1000 адамды жұмыспен қамтитын зауыттың құрылысы басталды

berdaly_oraz

Арыс қаласының әкімі Қабылсай ауылында халықпен кездесті

berdaly_oraz