ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаевқа құрмет көрсетілді. Ғасыр жасаған қарияны мерекемен құттықтап, елге сіңірген еңбегіне ризашылық білдірілді.

Ахмаджан Анартаев 1926 жылы 10 қарашада Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына шақырылғанға дейін «Жұмысшы» ұжымында еңбек еткен. 1944 жылғы 5 мамырда Сайрам аудандық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанып, 64-атқыштар полкінде қатардағы жауынгер ретінде қызмет атқарған.

Майдангер Польша жерін азат ету және Германия аумағындағы шайқастарға қатысқан. 1949 жылы елге оралып, бейбіт өмірде ұзақ жыл еңбек етті. Зейнетке шыққанға дейін А. Науаи атындағы ұжымда жүргізуші болып жұмыс істеген.

Ардагер ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Бүгінде 100 жасқа таяған қария үлкен әулеттің ақсақалына айналып отыр. Ол 4 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп өсіріп, немере-шөбере сүйіп отырған ардақты ата.

Мерекелік шара барысында ардагерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің, ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Жұматайұлының және Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиевтің атынан алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 5 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп, арнайы сыйлықтар тарту етілді. Іс-шара барысында әскери оркестр өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ биыл Қарабұлақ ауылындағы «Ардагерлер саябағы» 9 мамыр мерекесіне орай қайта жаңғыртылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Ахмаджан Анартаевтың майдандағы ерлігі мен бейбіт өмірдегі еңбегі — кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық тағылым.

Ұқсас жаңалықтар

БАСТЫ ҰСТАНЫМ: СЕНІМ. БІРЛІК. ДАМУ.

Redaktor Arysinfo

Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған облыстық конференция өтті

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

berdaly_oraz