Түркістан облысында жаңа шыны өңдеу кәсіпорны ашылды

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осы бағытта Ордабасы ауданы, «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «KazKioti» ЖШС-нің базасында «Стекло Rez» ЖШС-нің шыны өңдеу және шыныны жоғары температурада шынықтыру жобасы жүзеге асты.

Жобаның қуаттылығына келсек,  айына 20 000 шаршы метр шыны өндіруге қауқарлы. Жалпы инвестициялық құны –  710 млн теңге. Жаңа өндіріс аймағында  2 ауысымда 10 адам жұмыспен қамтылады.

Бұл – Ордабасы ауданы үшін маңызды әрі инновациялық жобалардың бірі. Өнімнің жаңа түрін шығаруға бағытталған бұл өндіріс цехы Италияның заманауи технологиялық жабдықтарымен жабдықталған.

Шикізат Ресей, Түрікменстан мемлекеттері мен Қызылорда қаласындағы «OrdaGlass» ЖШС табақ шыны зауытынан әкелінеді.

Өнімдер жоғары температурада шынықтыру арқылы алынған шыны автокөліктерге, техникаларға, заманауи архитектуралық нысандардың фасадтық терезелері мен әртүрлі мақсаттағы дайын өнім түрлеріне қолданылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары басталды

berdaly_oraz

Арыстық ұстаз “Алтын тұғыр” олимпиадасында жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Пікір жазу