Өңір жаңалығы: Келесте білім бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды

Түркістан облысы Келес аудандық соты білім бөлімінің басшысы мен есепшілерді қосқанда 23 адамға үкім оқыды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, олар аса ірі көлемде «сеніп сапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабымен кінәлі деп танылған. 

«А.Б Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кәнілі деп танылсын».

Түркістан облысы Келес аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Ә пен оның қарамағындағы есепшілерді қосқанда бас-аяғы 23 адамға үкім оқыды. Облыстық соттың мәліметінше, олар аса ірі көлемде «сеніп сапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабымен кінәлі деп танылған. Аудандық білім бөлімінің басшысы Ә-ті қосқанда сот сотталушылардың сегізін 7 жылға бас бостандығынан айырып, түрме жазасына кесті.

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Ал тағы бес сотталушының дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Сот қалған он сотталушыдың бас бостандығын 3 жылға шектеді.

Сот дерегінше, сотталушылар мемлекетке 812 миллион теңгеден аса залал келтірген. Олар қылмысты 2021 жылдан бастап 2023 жылдың соңына дейін жалғастырған. Қасақана аудандағы мектептерде жұмыс істемеген адамдардың есебіне ақша аударып, бюджет қаржысын иемденіп, жымқырған. Сот тергеуі кезінде айыпталушылар 279 миллион теңені мемлекетке қайтарған. 7 адам тағылған айыпты мойындамай ақтауды сұраған, 16 адам айыпты мойындап өкініш білдірген.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданындағы Монтайтас ауылында тұрғын үй моншасынан өрт шықты

berdaly_oraz

АРЫСТА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында есірткі тасымалдаған ер адам істі болды

berdaly_oraz

Пікір жазу